Жақында редакциямызға кішкентай сәбиін көтеріп, Железинка ауданының тұрғындары Язовтар отбасы келді. Сонау жерден ат терлетіп жеткен олардың бірнеше айдан бері шеше алмай жүрген мәселелері бар екенін білдік. Отағасы Александрдың айтуына қарағанда, жергілікті атқарушы биліктің немқұрайдылығынан бірқатар тұрғындардың өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді.
Мәселенің мәнісі мынадай. Үстіміздегі жылдың 23 сәуір күні Железинка ауданының Прииртышск ауылында қатты жел тұрып, Нефтяников көшесі бойында орналасқан (№3 үй) екі қабатты, он алты пәтерлі тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкеткен. Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ. Тек тұрғындар әлі күнге дейін шатырсыз үйде тұрып жатыр.
Данияр ЖҰМАДІЛОВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 30 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

