БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

     Ауданымыз облыста көп ұлтты болып саналады. Себебі мұнда 30-дан астам өзге ұлт өкілдері береке-бірлікте өмір сүруде. Жуырда өзге ұлт өкілдері арасында ана тілдерінде көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту және ішкі саясат бөлімдерінің ұйымдастыруымен өткен шараға ауданның түпкір-түкпірінен келген жастар, өзара сынға түсті. Өнер сайысында А.Кармазь бен Т.Гаврилюк украин тілінде, Л.Оспанова шешен тілінде, В.Герцен неміс тілінде, А.Нуруллаева әзербайжан тілінде өлеңдерді нақышына келтіре мәнерлеп оқып берді. Сайысқа қатысушылар өлең оқумен қатар өз тілдерінде ән шырқап, мың бұрала би биледі. Бұл өнер байқауы мемлекеттік тіл саясаты бағыттарының бірі болып саналатын Успенка жеріне қоныс тепкен этностық топтардың тілдерін дамыту, өзге ұлттардың тілі мен мәдениетіне деген сыйластық пен қызығушылықты білдіру негізінде өткізілді. Сонымен қатар сайыс жастар арасында патриотизмді нығайтып, Қазақстанда тұрып жатқан ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлерін сақтау және насихаттауды көздеді. Жарыста ауыл жастары барынша белсенділік танытты.

Әсем БЕКЕНОВА,

Успенка ауданы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31