Жоспарлы жұмыс уақытылы аяқталды

Депутаттар назарына!

Қоңыр күз қол бұлғап, қаһарлы қыс мен мұндалаған сайын мезгіл дайындығы пысықталып жатыр. Аймағымыздағы қалалардың қыс мезгіліне деген дайындықтарын қадағалау мақсатымен Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Ринат Гафуров, облыстық мәслихаттың депутаты Валерий Кабурнеев, сондай-ақ қалалық жол комиссиясының өкілдері Павлодар және Ақсу қалалары көшелеріне жасалған жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Халық қалаулылары алдымен Павлодар қаласы Дерибас көшесіне жүргізілген жол жөндеу жұмыстарының орындалу барысын тексерді. Жөндеу жұмысымен «Тамыр» ЖШС айналысып жатыр. Облыстық мәслихаттың депутаты В.Кабурнеевтің айтуына қарағанда, аталмыш фирманың жұмысы жоспарланған уақытында аяқталмаған әрі сапасы да төмен. «Тамыр» ЖШС былтыр да Чкалов көшесіне жөндеу жұмыстарын жасаған болатын. Алайда қалалық жол комиссиясы тексергенде олардың атқарған жұмыстары өте төмен деңгейде болып шықты. Олар жұмысқа деген селқостықтары үшін жауапқа тартылды. Енді биыл да «Тамыр» фирмасы былтырғы жайбасарлығына көшіп отыр. Атқарған жұмыстары да сын көтермейді»,- деді халық қалаулысы. Ал Ақсу қаласының көшелерін жөндеу жұмыстары уақытында аяқталып, тұрғындар игілігі үшін әлдеқашан жұмыс жасап жатыр. Республикалық бюджеттен бөлінген 56 миллион теңгеге қаланың Энтузиаст, Әуезов және Қамзин көшелеріне орта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Энтузиаст көшесінің 800 метр жері жөндеуден өтсе, Әуезов көшесінің 500 метр тас жолын қалыпқа келтірген. Сондай-ақ, Қамзин көшесіне де біршама жұмыстар жасалған. Ақсу қалалық тұрғын үй коммуналдық кәсіпорны бастығының міндетін атқарушы Ерлан Көшкінбаев: «Қала көшелерін жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталды. Бұл іспен айналысқан «Парус» ЖШС - облысымыздағы белді фирмалардың бірі. Сол себепті болар жұмыстың бәрі тиянақты әрі сапалы жасалды»,- деді өз сөзінде. Ал Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы Мәдениет Омарғалиев болса, Борис Мельников басқаратын «Парус» фирмасы жол жөндеу жұмыстарымен 37 жыл қатарынан айналысып келе жатқанын алға тартты. Фирманың жұмысына оң баға берген халық қалаулылары тағы бір игі істің куәсі болды. Қала орталығынан биыл ғана ашылған «Денсаулық» шағын футбол алаңын тұрғызу кезінде «Парус» ЖШС елеулі жұмыс атқарған болатын. Сол себептен комиссия өкілдері «Парус» ЖШС басшысы Б.Мельниковке алғыстарын жеткізді.

 

Фархат ӘМІРЕНОВ,

Ақсу қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31