Осы аптада облысымызға Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаты, Заң шығару және құқықтық мәселелер жөніндегі комитеттің төрағасы Берік Имашев жұмыс сапарымен келді. Астаналық мейманмен облыс әкімінің орынбасары Р.Скляр бірге жүрді. Жұмыс сапары барысында сенатор аймақтың бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралады. Алғашқы нысаны – Қазақстан электролиз заводы болды. Мұнда ол алюминий өндірісінің технологиясымен және шығарылатын өнім үлгілерімен танысты. Кәсіпорынның вице-президенті Р.Пак мейманға заводтың бүгінгі тыныс-тіршілігін, өндірістің болашағын баяндап берді. Б.Имашев «KSP Steel» ЖШС жұмысымен де танысты. Сенатор Павлодар мұнай-химия заводына да ат басын тіреді. Заводтың бас директоры Д.Шухрат кәсіпорынның жұмысы мен жаңа менеджмент «Қазмұнайгаз» АҚ-ның келуімен болып жатқан өзгерістерді кеңінен әңгімелеп берді. Өндірістің технологиялық процесімен танысқан депутат заманауи зертхананы да айналып өткен жоқ. Жұмыс сапары соңында Берік Имашев аймақтың өндірістік деңгейіне жоғары баға берді. Сондай-ақ павлодарлық кәсіпорындар елдің өнеркәсіптік дамуына қомақты үлес қосып жатқанын атап өтті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

