Ақсу қаласының 50 жылдығы мерекеленді
Сенбі күні Ақсу қаласының 50 жылдығы аталып өтті. Думанды мерекеге облыс әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Оспанов, қала басшысы Оразгелді Қайыргелдинов және құрметті меймандар мен жергілікті тұрғындар көптеп қатысты.
1961 жылы 23 қазанда Қазақ КСР-ы Жоғары кеңесі Президиумының Жарлығымен Ермак деп аталып келген шағын кентке қала мәртебесі берілген болатын. Одан бергі уақытта ірі өндіріс ошақтары салынып, қала көшелері кеңейіп, үлкейе түсті. 1993 жылы 4 мамырда қала атауы Ақсу болып өзгертілді. Бүгінде асау толқынды Ертіс өзенінің бойындағы әсем шаһарға жарты ғасыр толып отыр.
Жарқынбек АМАНТАЙҰЛЫ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 19 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

