СЕГІЗІНШІ ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН

     Кеше Павлодар қаласының әкімі Бақытжан Жоламановтың қатысуымен Академик Сәтбаев көшесі, 253/1-інші үйдің төменгі қабатынан «Ертіс» әлеуметтік дүкені ашылды. «Әлеуметтік дүкендегі азық-түлік өнімдерінің бағасы үнемі бақылауда болады», деді сауда орнының ашылу салтанатында қала әкімі.
      Бұл - осымен, облыс орталығында ашылып отырған сегізінші дүкен. Естеріңізге сала кетелік, арзан бағалы сауда дүкенін ашуға осыған дейін облысымыздың бірқатар аудандары атсалысқан болатын. Сегіз дүкеннің үшеуі Павлодар қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қалалықтардың игілігіне беріліп отыр.
     Салтанатты ашылу рәсімінен кейін қала басшысы «Ертіс» әлеуметтік дүкенінің ішіне бас сұқты. Дүкеннің аузында «Хлебный двор» серіктестігінің нан-тоқаш және түрлі кондитерлік өнімдері сатылуда. Сатушы Гүлназ Рахматуллина тұтынушыларға тауарлар төмен бағамен ұсынылып жатқанын айтты. Бұдан әрі – тазалыққа арналған сабын өнімдерінің сөресі. Бақытжан Төлеужанұлы мұнда қаланың басқа да сауда орындарында кездесетін тауарлардың орналасқанына назар аударды. Бірақ айырмашылығы – бағалары арзан. Мұның мәнісі неде?
     Павлодар қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Серік Базарбаевтың түсіндіруінше, «Ертіс» әлеуметтік дүкенінде көтерме сауда орталықтары мен шаруа қожалықтары тауарларды өздерінің бағаларымен әкеліп сатады. Басқа супермаркеттерде тауарларға үстеме бағаны 25 пайызға дейін қойса, мұнда оның мөлшері 10 пайыздан аспайды. Әрине, сатушылар бағаларды тектен-тек арзандата қоймасы анық. Сондықтан әлеуметтік дүкенде жалдау ақысы төмендетілген. Сауда алаңдарын жалға алғандар тек коммуналдық қызметтер үшін есеп айырысады.
     Қаланың базарларында бір келісі 850 теңгеден сатылатын сиыр еті «Ертіс» дүкенінде 750 теңгеден сатылады. Лебяжі ауданының шаруа қожалығы бір аптаның ішінде екі малдың етін өткізетініне сенімді. Қала әкімі мұндағы бағаның тұтынушылар үшін шын мәнінде тиімді екенін айтты.
     Әлеуметтік дүкенде Өскемен құс фабрикасының тоңазытылған тауық еті өнімдері мен Шарбақты құс фабрикасының жұмыртқалары да сатылады. Сонымен бірге, мұндағы сөрелерге Алматыдан жеткізілген халал шұжық өнімдері қойылған. Таза мал етінен дайындалып пісірілген шұжықтың бір килограмы - 900 теңге.
     Әлеуметтік дүкенде Қашыр ауданы мен Ленин кентінің шаруашылықтары өндірген сүт, айран, ірімшіктер ұтымды бағамен өткізіледі. Ал көкөніс өнімдерімен Павлодар ауданының шаруа қожалықтары қамтамасыз етеді. Қазірде Черноярка ауылынан жеткізілген қиярдың келісі 55 теңгеден, картоптың бір килограмы 50 теңгеден, қызылша – 48, сәбіз – 75 теңгеден сатылуда. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Клавдия Арынғазина дүкендегі тауарлардың бағасы әлдеқайда арзан екенін айтты.
     Дүкендегі тауарлардың бағасын көзбен шолып өткеннен кейін қала әкімі Бақытжан Жоламанов Павлодар қаласы әкімдігі осыған дейін ашылған «Шапағат», «Арзандау» атты әлеуметтік дүкендердің талапқа сай жұмыс істеп жатқанын атады. Ондағы өнімдердің бағалары негізсіз өскені туралы бірде-бір шағым түскен емес. «Ертіс» әлеуметтік дүкенінде де осындай қатаң бақылау жасалады. Бұл ретте дүкен директоры Ильмира Молдабаеваға үлкен сенім артылады, деді әкім. Сондай-ақ Бақытжан Төлеужанұлы алдағы уақытта әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген тұрғындар үшін арнайы дүкен Усолка шағын ауданынан да ашылатынын мәлімдеді.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31