РУХАНИ ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ

Ел егемендігінің 20 жылдығы аясында Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде  «Ел тағдыры - ер тағдыры» атты кітаптар көрмесі өтті. С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана  ұйымдастырған көрме көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы Мырзатай Жолдасбековтің шығармашылығы мен ғылыми еңбек жолына арналды. Кітапсүйер қауым назарына сегіз қырлы, бір сырлы ел азаматының қаламынан туған шығармалары, газет-журналдарда жарияланған мақалалары ұсынылды.
Көрме  төрт бөлімнен тұрады. «Ерте тартып ат жалын ел деп өстім...» деп аталатын алғашқы бөлімде М.Жолдасбековтің өмірі мен шығармашылық қызметінен сыр шертетін кітаптар мен күнделіктері топтастырылған. Құнды еңбектер арасында «Сөзді ұғатын кез келді», «Кіндігімді кескен жұрт», «Күндерімнің куәсі»  және тағы басқа шығармалар бар. «Ежелгі дәуір» атты екінші бөлімде айтулы тұлғаның келер ұрпақтың жадында мәңгілікке сақталуға тиіс ғылыми еңбектер қойылған. Ал «Қазақ руханиятының ардағы» бөлімінде мемлекет өмірінің маңызды кезеңдері, тәуелсіздік жылдарының тарихындағы М.Жолдасбековтің ерекше орны мен қайраткерлік тұлғасы айшықталған. Тәуелсіздіктің таңын аңсаған ата-бабаларымыздың сан ғасырлық мұрасын насихаттау мен өткенімізден өнеге, тәлім алуға негізделген соңғы бөлім «Тәуелсіздік» шежіресі деп аталды. Бұл бөлім қайраткердің Астана қаласындағы Президенттік мәдени орталығының рухани тұрғыдан қанат жаюына атсалысқан зор еңбегіне негізделген.


А ӘДІЛБЕК.
 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30