ШЕБЕРЛІКТІҢ ШЕГІ ЖОҚ

Екібастұз қалалық тарихи-өлкетану  музейінде қолөнерші Зылиха Төлегенованың жеке шығармашылық көрмесі ашылды. Жұрт назарына шебердің қиялынан туған түрлі ою-өрнекті бітпес, сырмақ, жастық, көрпе сынды қолөнер  туындылары ұсынылды. Сондай-ақ, өнер иесінің қалалық және  облыстық  деңгейде жеткен жетістіктерінің дәлелі болатын жеке құжаттар  топтамасы  қойылған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша,  бұл  көрме Зылиха апаның  жетпістің төріне  шыққан жасына қарамастан, он саусағы майысқан нағыз шебер екенін дәлелдеп отыр.

Қазақтың қолөнер туындыларымен сәнделген шара музей директоры С.Бабылбекқызының сөзімен ашылды. Көрменің қонағы болған Екібастұз қалалық  мәдениет  және тілдерді дамыту бөлімінің  басшысы Е.Қабдылов Зылиха апайдың есімі тек шаһарға ғана емес, сондай-ақ облыс көлемінде кең танылғандығын  атап өтті.

Іс-шара М.Глинка атындағы қалалық музыка мектебінің оқушылары А.Бабаева, Т.Шәкенова,  Қ.Айтбаевтар және Мұсылман әйелдер лигасы Екібастұз қалалық филиалы ұжымының шағын концерттік бағдарламасына ұласты.

Әлия ӘБІЛХАНҚЫЗЫ, 

Екібастұз қалалық тарихи-өлкетану музейі,

тарих және этнография бөлімінің ғылыми қызметкері.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30