Дүниеде тіршiлiктiң қайнар көзi, махаббаттың шуақ күнi, мейiрiмнiң қәусар бұлағы - ата-анадан асқан қасиеттi ештеңе жоқ шығар. Жазушы Ғ.Мұстафин: «Ата-ананың қадiрiн бiлмеген халық қадiрiн бiлмес» - деген. Ата-ана алдындағы қарызды өтеу - әр адамның борышы екені сөзсіз.
Павлодарлық танымал әнші Гүлнәр Жапарова - осы ұғымды қастерлейтін жандардың бірі. Ол - Павлодар қаласының алғашқы әртісі Ануза Алпысбаева мен Ұлы Отан соғысының ардагері Қасымбай Жапаровтың қызы. А.Алпысбаева - 1946 жылы Павлодар қаласында ашылған Қазақ Ұлттық музыкалы театр сахнасында өнер көрсетіп, халық қошеметіне ие болған адам. «Ата-анам 1950 жылы отау құрған. Әкем Қасымбай 1922 жылы Павлодар облысының Григорьевка елді мекенінде туған, ал анам Ануза – Баянауылдың қызы. Екеуі де өнер десе ішер асын жерге қоятын жандар болған. Анам тамылжыта ән шырқаса, әкем фортепиано, мандолин, балалайка сынды аспаптардың шебер орындаушысы болған», - деп еске алды әнші.
Ақмарал ЕСІМХАНОВА.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жылғы 16 маусымындағы номерінен оқи аласыздар)

