Заң талқыланды

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан бастап «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты 2004 жылдың 7 шілдесінде қабылданған «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізуге республиканың бүкіл аймақтарында ұсыныстар жинақтауда. Осыған орай С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Еркін пікір» мобильді пікірталас клубының кезекті отырысы өтті.

 

ҚР «Жастар саясаты туралы» Заңға енгізілетін өзгерістерді жастардың өздері ұсынулары керек. «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалы және өңіріміздің жастар қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері осындай бастама көтеріп отыр.

- Қазіргі таңда жастардың саясатқа араласу деңгейі күннен-күнге өсу үстінде. Өз қаласының немесе оқып жүрген оқу орнының өміріне немқұрайлы қарамайтын жастар қатарының көбеюі де - қуантарлық жайт деп білемін. Ал бүгіні жиынның негізгі мақсаты - жастар саясаты туралы заңға өзгерістер енгізу және жастардың ұсыныс-тілектерін талқылау, - дейді «Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Арман Абданбеков.

Жастар мүддесі мен олардың құқықтарын қолдауды көздейтін заңға өзгертулер бойынша ұсыныстарды талқыламас бұрын аталмыш заңды мектеп оқушылары мен студент жастарға насихаттау мәселесі көтерілді. «Нұр Отан» ХДП Павлодар қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арман Әлиакпаров «Жастар саясаты туралы» заңды мектеп оқушыларына білім беру бағдарламасына енгізу арқылы жастарға өздерінің құқықтарын білу үшін оң септігін тигізетінін тілге тиек етті.

«Еркін пікір» мобильді пікірталас клубының отырысына жиналғандар жастар үшін маңызды құжатты өзгертуге қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Олар ең алдымен жастардың жас ерекшеліктерін қайта қарауды ұсынады. Заң бойынша жастар қатарына 14 пен 29 жас аралығындағы жастар жататыны белгілі. Жастардың көбі жеңілдік мүмкіндіктерін 35 жасқа дейін көтеру қажеттігін айтып өтті. Яғни қазіргі аталып жүрген 29 жас мөлшерін 35-ке ұзарту керектігін жеткізді. Жастардың жасын 35-ке дейін көтеру арқылы жас отбасы ұғымын бөлек институт ретінде қарастыру қажеттілігі де баса айтылды. 2015 жылға дейін мемлекетіміздің демографиясын арттыру алға қойылған, міне осы көрсеткіштерге тез жету үшін жас отбасыларға міндетті түрде мемлекеттің қамқорлығы қажет. Бұл бір жағынан жас азаматтарды баспанамен қамтамасыз етсе, екіншіден демографиялық мәселенің шешілуіне бағытталатыны қызу талқыға түсті.

«Әлеуметік-волонтерлік орталық» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Гладышева нормативтік құжатқа жастардың волонтерлік, яғни еркін әлеуметтік көмек көрсету қозғалысын дамытуға арналған арнайы баптар енгізуді ұсынды.

Кездесу барысында сонымен қатар жастардың еңбек нарығындағы әлеуметтік құқықтары, білім беру мен денсаулық сақтау, жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері, өзін-өзі жетілдіруге жағдай жасау туралы да мәселелер жастарды толғандыратыны байқалды.

Жиын барысында талқыланған өзгертулер мен нақты ұсыныстар «Жас Отан» жастар қанатының республикалық аппаратына жіберілетін болады.

Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31