Студенттік қатарға қабылданды

Кеше Естай атындағы мәдениет сарайында ПМПИ-дің бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты жиын барысында «Студент антын» 958 студент қабылдап, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері атанды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін шараға ПМПИ-дің ректоры, т.ғ.д, профессор Жанмырза Нұрмағамбетов қатысып, студенттер қауымына ақ жол тіледі.

- Құрметті студенттер, сендер еліміздің ең үздік жоғарғы оқу орындарының бірінде оқып, студенттік қатарға қабылдандыңдар! Сендер болашақта өздеріңе биік мақсат қойдыңдар, олмамандық алу, ғылыми жаңашылдықтарды ашу. Ал Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты сіздер үшін бұл мақсаттарды жүзеге асыруға мол мүмкіндіктерді жасап отыр, - деді ол.

Студенттер қатарына қабылдау салтанаты институтқа алғаш қадам басқан студенттер үшін маңызды сәттердің бірі екені сөзсіз. Мерекелік кеш өңіріміздің өнерпаздары қатысуымен өткен концеттік бағдарламаға ұласты.

А. ӘДІЛБЕК.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31