«ЖАСТАР БІРЛІК ҮШІН!»

 

Жақында «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының Кубогін сарапқа салған «Жастар бірлік үшін!» атты тақырыпта дебаттық турнир өтті.

Шара ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды. Аталмыш шараның ұйымдастырылуына «Нұр Отан» ХДП-ның Павлодар қалалық филиалы, «Жас Отан» жастар қанатының Павлодар облыстық филиалы, «NOMAD» жастар қоғамдық ұйымы, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ұйытқы болды. Облыстық мәслихат депутаты Нариман Әбілшайықов,  Абай атындағы дарынды балаларға арналған №10 лицей-мектептің директоры, «Нұр Отан» ХДП-ның  ХІІІ съезінің делегаты Хабиба Әбілова, «NOMAD» жастар қоғамдық ұйымының төрағасы Ерлан Серекбаев және             «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанатының жауапты хатшысының міндетін атқарушы Әділ Жұмекенов сайысты тамашалауға келген   қонақтар қатарынан көрінді. «Біздің мектепте Болатхан Тайжан атындағы дебат клубы бар. Ол үш тілде жүргізіледі. Дебатқа қатысушы оқушыларымыз әртүрлі жарыстарда жетістіктерге жетуде»,- деп атап өтті Х.Әбілова. Сонымен қатар, «Нұр Отан» ХДП-ның ХІІІ съезінің делегаты съезд барысында жастарға қатысты көптеген мәселелер қозғалғандығын, оларға мемлекет үлкен сенім артатынын тілге тиек етті.

Дебаттық ойын форматы американдық парламенттік формат негізінде өткізілді. Сайыс барысында өзекті мәселелер қарастырылды. Мәселен, «Діни секталардың жастарға кері әсері», «Кеден Одағының жұмысын кеңейту қажет» және тағы басқа еліміздің ішкі және сыртқы саясатына байланысты ойларымен бөлісті. Жалпы алғанда, осы шара арқылы жастар интеллектілігінің жоғарылығы, саяси белсенділігі, патриоттық сезімдері айқын байқалды. 

Пікірсайыста үшінші орынды «Алтын самұрық», екінші орынды «Тассай» тобы иеленді. Ал үздік болып «Самұрық» ұжымы танылды. Жүлдегерлерге «Алғыс хаттар» мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26
28