Аймағымызда қазақша көңілділер мен тапқырлар клубының (КТК) бесінші маусымы жалғасуда. Жуырда Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында мемлекеттік тілдегі КТК мектеп лигасы ойынының іріктеу кезеңі өтті.
Жарысқа түскен командалар әзіл-қалжың айтумен қатар, тапқырлық танытып, лиганың келесі кезеңіне өтуге барын салды. Іріктеу ойынына жиырмаға жуық құрама қатысса, оның он бесі ақтық кезеңге жолдама алды. Олардың арасында сахнада бірнеше жылдар бойы өнер көрсеткен тәжірибелі командалардың өкшесін басып келе жатқан жас топтар да баршылық. Қаламыздың Абай атындағы №10 лицей-мектебінің «Шыбжықтар» құрамасының ойыншылары сахнаға бірінші рет шықса да, қарсыластарына дес бермеді. Олар мектеп лигасы іріктеу кезеңінің үздік құрамасы атағына ие болды.
А.ӘДІЛБЕК.

