Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында қазақ КТК ойындары «Ертіс бойы» аймақтық лигасының іріктеу кезеңі болып өтті. Шараға Павлодар, Семей, Екібастұз, Астана, Зайсан, Көкпекті, Шу қалаларынан 13 команда қатысып, өнер көрсетті. Павлодар қаласынан «ЧП», «Заман», «Дарын.KZ» командалары және Екібастұз қаласынан «Біз-Қазақпыз!» көңілді тапқырлар командалары бақ сынады. Жалпы есепте 10 команда іріктеу турынан ширек финалға жолдама алды. Келесі кезеңге өткен командалар арасында біздің өңірдің «Дарын.KZ», «Біз - Қазақпыз!» және «ЧП» жігіттері де бар.
Ж.АМАНТАЙ.

