ҮЗДІК КОМАНДАЛАР АНЫҚТАЛДЫ

Павлодарлық қазақша көңілділер және тапқырлар клубы (КТК) лигасы өзінің бес жылдық мерейтойы аясында шаралар өткізуде. Осы маусымда бірнеше арнайы жобалар жүзеге асты. Соның бірі - Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өткен  «Кубоктардың кубогы» жобасы. Күлкі жәрмеңкесіне 18 топ қатысты.
Бұл - өңіріміздің қазақша көңілділер мен тапқырлар клубы маусымының ақтық сыны. Ойын барысында құрамалар өзара екі топқа бөлініп, кіші және үлкен кубоктар үшін бақтарын сынады. Командалар арасында мектеп және қалалық лигалардың жеңімпаздары, сондай-ақ көңілділер мен тапқырлар әлеміне жаңадан қадам басқан топтар да болды.
Ақтық кездесуге облыс орталығының командалары қатысты, сондай-ақ Павлодар ауданы мен Екібастұз қаласынан командалар келді.
Бір кемшілігі, күлкі кешіне қатысқан ойыншылар көңілділер мен тапқырлар клубының өткен ойындарында қойылған  әзілдер қайталанды. Шағын миниатюралар мен қойылымдар қарапайым көрерменнің көңілінен шықпағанын байқау қиын болмады. Кейбір КТК ойыншылары жарасымды әзіл мен көкейге қонымды қалжыңдар айта алмады. Оған қоса, - ойын соңына дейін көрермендердің жартысы кетіп қалды.
Қазылар алқасының мүшесі - «Аналитикалық ақпарат орталығы» директорының орынбасары Жұмабек Смановтың атап өткеніндей, күлкі жәрмеңкесінде Павлодар аудандық «Ауыл» және екібастұздық құрама ойыншыларының қоғамдық мәселелерді көтерудегі қауымға ой салған әзілдері ғана сәтті шықты.
Ойын қорытындысында кіші кубокқа «Ауыл» командасы және үлкен кубокқа  «Космос» жеке құрамасы ие болды.

 

А.ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31