«Жасыбай толқыны» жазғы кубогінің жеңімпазы
Жексенбі күні Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасында дәстүрлі қазақша көңілділер мен тапқырлар клубы (КТК) командаларының «Жасыбай толқыны» жазғы кубогі сарапқа салынды. Оған республикамыздың Тараз, Семей, Балқаш, Астана, Орал, Қызылорда, Алматы, Атырау, Павлодар және Екібастұз қалаларының үздік КТК командалары қатысты. Қасиетті өлкенің тұрғындары мен қонақтарын әдемі әзіл мен қазақы қалжыңға бөлеген «Жасыбай толқынында» Павлодар облысы әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова бастаған топ қазылық етті. Кешті қазақша КТК Одағының президенті Есен Елеукен жүргізді.
Фархат ӘМІРЕНОВ,
Баянауыл ауданы.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 11 тамыздағы номерінен оқи аласыз)

