«ЖАЙНАҒАН ТУЫҢ ЖЫҒЫЛМАЙ...»

Кіндік қаны Павлодар өңірінде тамған мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт  жанашыры, тіл қорғаушысы, дипломат Болатхан Тайжан көзі тірі болғанда үстіміздегі жылдың 8 наурызында 70 жасқа толар еді. Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді. Тау тұлғамыздың қазақ елінің қамы үшін жасаған батыл қадамдары мен мемлекет пен ұлт мүддесіне арналған ерен еңбегі ел есінде. Оның айтқан қайратты сөздері, тіл жайында жазған толғаныстары маңызын жоймақ емес.

 

«Ат тұяғын тай басар» демекші әкеге қарап өскен ұлы Мұхтар Болатханұлы жақында қайраткердің аруағына облыс орталығында ас беріп, құран бағыштатты. Тұлғаның 70 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада Павлодар облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Талғат Әбілқасымов, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының директоры, ҚР еңбек сіңірген әртісі Мұхтархан Манап, «Ертіс дидары» газетінің редакторы Арман Қани, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының тәрбие жөніндегі проректоры Серік Елікбай, суретші Әнуар Игенбаев сынды өңіріміздің бір топ зиялы қауым өкілдерімен қатар жастар және ақсақалдар жиналды. Алматыдан арнайы келген белгілі журналист, режиссер Қасым Аманжолов жиналған қауымға «Жайнаған туың жығылмай...» атты деректі фильмін ұсынды. Фильмнен марқұмның көзі тірісінде ел болашағы жолында атқарған қызметтері мен келер ұрпаққа қалдырған өшпес өсиет сөздерін тамашалаған қауым Қ.Аманжоловқа алғыстарын білдіріп, Болатхан Тайжан жайлы естелік әңгімелерін айтты.

- Мен әкеме тартып тудым. Оның бойындағы тектілік менің де қанымда бар. Ол халықтың ұлы еді. Кеудесінен жаны шыққанға дейін қазақ шаңырағы үшін шырылдап өтті. Оған жұрт куә. Әкемнің ізетті ізін жалғастыруда бар күшімді жұмсаймын,- деді Мұхтар Тайжан. Сөз соңында ол Болатхан Тайжан атындағы «Парасат» пікірсайыс клубының ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.

Кезінде Болатхан Тайжан Мәскеуде студент болып жүріп, Мұрат Әуезов сынды бірқатар жас өрендермен қазақ жастарының ұлттық мүддесін қорғау мақсатымен «Жас тұлпар» ұйымын құрған болатын. Осы тарихи атаудың қайта жандануы, әрине, қуантады. Болатхан Тайжан атындағы қордың Президенті, экономика ғылымдарының кандидаты Мұхтар Болатханұлы аймағымыздың белсенді жастарына жыл сайынғы тағайындалатын «Жас тұлпар» сыйлығын табыстады.

Құдайы аста жастар да құр отырмай, қоғам қайраткеріне арнап өлеңжыр ақтарып, өз пікірлерін ортаға салды. Павлодар қаласының бір көшесінің аты Болатхан Тайжанға лайық екенін айтып, бастама қолға алынса деген тілектерін жасырмады.

              Қуансам – шын қуанам,

              Туласам – шын тулаймын.

              Уансам – шын уанам,

              Демеймін, қайтсем ұнаймын.

Бұл - қазақ дипломатиясының Тәуелсіздік кезіндегі тұлғасы Болатхан Құлжанұлының сөзі. Қасиетті Баянауыл жерінде өмірге келген, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызының есімі ешқашан сөнбейді. Тар жолда тайғақ кешкен, төрт тілде еркін көсілген, тілім деп тулаған Болатхан Тайжанұлына туған елінен бір көшенің атын сыйлау – әділ іс, азаматтық борыш, адамдық парызымыз деп білеміз.

Айнұр ТОҚТАРХАНҚЫЗЫ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30