Жақында Лебяжі ауданының әкімі Серік Әпсалықов С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің түлектерімен кездесті. «Дипломмен – ауылға!» жобасын насихаттауды мақсат еткен жиынға сонымен қатар аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Н.Сағандықов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы С.Халемов қатысты.
Жиын барысында Лебяжі ауданы туралы бейнекөрініс көрсетілді. Аудан басшылығы «Дипломмен - ауылға» жобасының әр ауылдық аймақтың дамуы үшін маңыздылығын тілге тиек етіп, қызметке келген жас мамандарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау туралы сөз қозғады. Университет түлектері Лебяжі ауданына қатысты сұрақтарын қойып, қызығушылық танытқандарын жасырмады.
Мәдина НҰРХАНОВА,
Лебяжі аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы.

