ЖАС АҚЫНДАРЫМЫЗ ДЕС БЕРМЕДІ

 

Қазақтың төл өнері – айтысты сүйіп көретін қауымды жағымды жаңалықпен қуантпақпыз. Аймағымыздың жас айтыскерлері жуырда Алматы облысы, Ұзынағаш ауылында Жамбыл Жабаевтың 165 жылдық мерейтойына арналған «Жыр алыбы - Жамбыл» атты республикалық жыр додасына қатысып, жүлделі орындармен оралды.

Республикалық жыр жарысында балғын жүрек, балауса тілектерін жұртшылыққа паш еткен айтыскерлер қатарында Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының талапкерлері болды.  Аталмыш білім ошағындағы «Айтыскерлер» үйірмесінің жетекшісі Асығат Тұрғанбектің тәрбиеленушілері Нұрсұлтан Рымбай мен Қазбек Сағидолда бойдағы өнерін ортаға салды. Қазақтың қара домбырасын серік еткен айтыскердің айтуынша, байқауға қатысқан оқушылар ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбылдың өміршең шығармашылығын дәріптеп, оның талапты ізбасарлары екендіктерін дәлелдеуге тырысты.

- Біздің оқушы айтыскерлеріміз аталмыш дәстүрлі республикалық айтысқа үш жыл қатарынан қатысып келеді. 2009 жылы аталмыш сайыста өнер көрсеткен жас ақын Рауан Қайдаров екінші орынды иеленген болатын. Былтырғы айтыста Серікболсын Дүйсенбай бас жүлдегер атанып, төбемізді көкке жеткізді. Ал биыл мектебіміздің 11-сынып оқушысы Қазбек Сағидолда екінші орынды жеңіп алды. Сондықтан Ертістің Павлодар өңірінің айтыскер жастарының талабы таудай деп ауыз толтырып айта аламын, - деді ол.

Оқушыларды ұлттық рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу, олардың шығармашылығын дамыту, ата-бабаларымыздың ұрпақ алдындағы ерен еңбегін ұлықтап, дарынды оқушыларды қолдау мақсатын көздеген шараға еліміздің мектеп жасындағы жиырма сегіз айтыскер бақ сынады.

 

А.ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31