
Кеше Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев аймақтың жол полициясы қызметкерлеріне 20 «Дайво-нексия» және 30 УАЗ «Хантер» маркалы жаңа қызметтік автокөліктерді салтанатты жағдайда табыс етті.
- Ішкі істер департаменті мамандарының жұмыс сапасын арттыру мақсатында көптеген игі істер атқарылуда. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында бұл жұмыстар маңызды болып отыр. Ендігі мақсат - өңіріміздің ауылдық аймақтарындағы полиция қызметкерлерін қажетті құралдармен қамтамасыз ету, - деді аймақ басшысы.
А.ЕСІМХАНОВА.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 11 тамыздағы номерінен оқи аласыз)

