Жағажай футболынан биылғы ел біріншілігінде павлодарлық «Арман» командасы топ жарды. Естеріңізде болса, біздің жігіттер былтыр да жеңістің биік тұғырынан көрінген болатын. Осы жылғы біріншілік аса тартысты өтті. Жеңімпаз команданың есімі біріншіліктің соңғы ойын күнінде белгілі болды. Жерлестеріміз соңғы кездесуде Аягөздің «Елсана» командасын ұтып, былтырғы жетістігін сақтап қалды.
Фархат ӘМІРЕНОВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 18 тамыздағы номерінен оқи аласыз)

