Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE MicrosoftInternetExplorer4 /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}
Павлодар жұртшылығына «Сүйінші!» хабарын айтуға асықпыз. Облыс орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы – Асылжан Жеңіс ХІІ республикалық дәстүрлі Абай оқуларынан Бас жүлдемен оралды! Бойдағы бар өнерін паш еткен жасөспірім, сондай-ақ, Семей мемлекеттік педагогикалық институты ректорының білім грантына ие болды.
Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қоғамдық келісім мен рухани бірлікті нығайту, отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, сондай-ақ қазақтың ұлттық мәдениетіне, өнеріне, әдебиетіне деген көпшіліктің ықыласын арттыру ниетінде ұйымдастырылған биылғы шара Ұлы Абайдың туған жері – Жидебайда өтті.
А.ЕСІМХАНОВА.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 13 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

