ЕҢБЕКТЕ ДЕ, ӨНЕРДЕ ДЕ АЛДА

Көзіңізге бұрынғы қазақ әйелін елестетіңізші. Басына ақ жаулық салған, қара қазан басында қызыл ожау ұстаған бейне келе қалады. Ал қазір ше? Бүгінгі біздің әйелдердің бет-бейнесі мүлдем басқа. Бұған нәзік жанды деп ерекше құрметтейтін, аялайтын қыз-келіншектеріміздің экономиканың әр саласында еңбек етіп жүретіні белгілі бір әсерін тигізсе керек. Олар қолдарынан қандай қиын істің де келетінін дәлелдеп үлгерген.

Гүлнар Шүленова - осындай ерекше мамандық иесі. Ол Ақсу қаласындағы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-ында жұмыс істейді. Электр қуатын өндіретін алып станцияға 1994 жылы қабылданған ол - сол уақыттан бері өзі қалаған мамандықтың ыстық-суығына төзіп келе жатқан қайсар жан.

- Мен үнемі бір орындажылу автоматикасы және оны өлшеу цехында жұмыс істеп келемін. Әрине, бастапқыда қиыншылықтар болды. Тоқсаныншы жылдар күрделі кезең болатын. Бірақ ұйымшыл,  ауызбіршілігі жақсы ұжымның көмегімен барлығынан аттап өттік, бүгінде кәсіпорнымыз қалай өркендегеніне куә болып жүрміз, дейді ол.

Әріптестері Гүлнарды тек өз ісінің маманы ғана емес, өнер иесі ретінде де құрметтейді. Электр станциясының 30 жылдығына байланысты кәсіпорын цехтары арасында шығармашылық конкурс өткізілді. Онда өндіріс жұмысшылары ән айтып, би билеп, өнерлерін көрсетті. Олардың арасында Г.Шүленова да болды.

- Ән шырқағанымда, ұзақ уақыт қол шапалақтады. Ертеңінде мені барлығы «әнші» деп атап кетті, сөйтіп әріптестерімнің ортасында әйгілі болып шыға келдім, - дейді ол. Өзінің атақты әнші С.Ротарудың өнеріне тәнті екенін жасырмайды. Себебі оның әндері жанына жақын.

Бүгінде Гүлнар Шүленова - «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ өнерпаздар ұжымының белді мүшесі. Үнемі байқауларға қатысып, кәсіпорын намысын қорғайды. Былтыр Гүлнар Жеңіс күні қарсаңында Ақсу қаласы бойынша үздік деп танылған үгіт бригадасы құрамында өнер көрсетіп, қошеметке бөленді. Ән шырқағанда, жаным да бірге тербеліп тұрады, дейді ол.

Өзінің қызметіне адал Г.Шүленова станциядағы жұмысын жан-тәнімен сүйеді екен. Оған мұндағы еңбек ұжымы туған-туысындай болып кеткен. Отбасында бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп өсірген ана - бүгінде немере сүйген әже. Ол өзін бақыттымын деп біледі, сол үшін тағдырына дән ырза.

 

Нұрбол ҚАНАТБЕКҰЛЫ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31