· Таңертең төсегінен күліп оянған әйел.
· Еңсесін асқақ, иінін тік ұстап, иіліп сәлем берген әйел.
· Жанұясына жарық сәуле шашып, береке, құт болып тұрған әйел.
· Шашын күземей, бетін боямай, табиғи өзінің түр-түсін сақтаған әйел.
· Барға мастанбай, жоққа жасымаған әйел.
· «Еңбек ету – бақыт, адамның жауы – жалқаулық» деп балаларын адал еңбекке баулыған әйел.
· «Жетім-жесірді, кемтар, мүгедекті келеке етпе, пейіл-құлқы бұзылған адамға жолама» деп балаларына дұрыс жол сілтеген әйел.
· Күйеуін аялап, әлпештеген, жан дүниесін түсініп, арқа сүйері болған әйел.
· Отбасының ұйытқысы болып, сұлу келбетін, әркез жасына сай әдемі көрінісімен, әдемі қартая білген, орынды сөйлеп, көп тыңдаған әйел.
Ерлердің арманынан.

