ГҮЛ-ГҮЛ ЖАЙНА, КҮЛ ДЕ ОЙНА...

 

Гүл – бақыт пен сыйластықтың, сұлулық пен нәзіктіктің нышаны. Сондықтан да халқымыз қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, аялап, әлпештеп өсірген ару қыздарын «гүлге» теңейді. Ең жақын адамына деген зор құрметін гүл сыйлау арқылы білдіреді. Халық арасында «Гүл - өмірдің қызығы» деген қанатты сөз де тегін айтылмаса керек. Шынымен–ақ, өмірге сән беріп, көңіл-күйіңді көтеретін, жаныңды жадырататын әдемі де әсем бір нәрсе болса, ол – гүл. Сондықтан да көптеген адамдар гүл өсіруді сүйікті ісіне айналдырып, оның аңқыған жұпар иісінен ләззат алады. Біздің өңірімізде де гүл өсіруге әуес жандар аз емес. Олар үшін Павлодар қаласындағы С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың ішінде «Фиалочка» клубы жұмыс істейді.

 

Осыдан жеті жыл бұрын ашылған «Фиалочка» клубының мүшелері - қарапайым оқырмандар. Олар мұнда жиі бас қосып, гүлдер күтіміне байланысты «Гүлдер неге дұрыс гүлдемейді?», «Гүлдерді қалай суару керек?», «Гүлдер қандай топырақты сүйеді?», басқа да тақырыптарда семинар өткізіп тұрады. Сондай-ақ, клуб мүшелері үшін әрбір мереке қарсаңында әдемі гүлдердің көрмесін ұйымдастыру дәстүрге айналған.

«Техникалық және ауылшаруашылық әдебиеттер» бөлімінің меңгерушісі Бақытжамал Омарованың айтуынша, «Фиалочка» клубына белсенді қатысып тұратындардың қатарында гүл өсіретін 300-ге тарта адам бар екен. Бір қызығы, гүл сәби сияқты ерекше күтімді қажет ететін болғандықтан, гүлсүйер қауым оларды өз үйлерінде аялап өсіретін көрінеді. Мамандар да гүлді әркім өз қолымен егіп, күтіп-баптап өсіргені жөн дейді. Себебі, гүл - өте нәзік, сезімтал, жанды дүние. Ал оған неғұрлым көп көңіл бөліп,  күтім жасаса, ол да өз күтушісінің денсаулығы мықты, отбасындағы бақыттың баянды болуына ықпалын тигізеді екен. Мәселен, адам гүлдердің қасында бір сағаттай отырса немесе оларды иіскеп, жақсы сөздер айтса, өзінің көңіл-күйі көтеріліп, барлық жаман ойдан арылады. Жалпы, ғылыми зерттеулерге сүйенсек, өсімдік әлеміне қандай көзқараспен қарасаң, ол да саған солай «жауап» береді екен. Айталық, егерде бізге біреу гүлді құмырасымен сыйға тартса, ол адамға әлгі гүл үшін аз болса да ақы төлеуіміз қажет. Өйткені, құмырадағы гүл оған «мені бағалады» деп риза болып, одан әрі жайқалып өсетін көрінеді. Ал үй өсімдіктеріне дұрыс қарамасаң, уақытында тыңайтып, суарып тұрмасаң, ол «ренжіп», адам ағзасына зиянды улы химиялық заттарды бөліп шығарады екен. Мұны ғалымдар іс жүзінде дәлелдеген. Сондықтан да, гүл тек гүл-гүл жайнап тұруы қажет. Ал гүл жайнаған жерде біздің де көңіл-күйіміз көтеріліп, күліп-ойнап жүреріміз анық.

Н.АҚЫТЕГІ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31