МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АЛҒАН ЕҢ ӘСЕРЛІ СЫЙЛЫҒЫҢЫЗ КІМНЕН ЖӘНЕ ҚАНДАЙ БОЛДЫ?

 

Алтынай Тілеуова,

Ертіс ауданы әкімінің орынбасары:

- Өз басым сыйлық талғамайтын жанмын. Адамның ыстық ықыласынан артық ешнәрсе жоқ. Дегенмен, өткен жылы кішкентай ұлымнан ұмытылмас сыйлық алдым. Ол өз қолымен қағаздан бірнеше бәйшешек гүлін жасап, тарту етті. Ең бастысы, гүлдердің әр жапырағына «Анашым!», «Аяулым!», «Ардағымдеген сияқты негіздегі ізгі лебіздерін жазыпты. Шыны керек, мұны алғаш көргенде таң қалдым. Ұлымның тапқырлығына тәнті болдым. Қуанышымда шек болмады.

Бір қызығы, оның мереке қарсаңында, күнде кешкісін бөлмесіне тығылып алып, қағаздан бір нәрселерді жасап жатқандығын байқайтынбыз. Бірақ бізге көрсеткен жоқ. Сірә, маған тосын сый болсын десе керек. Ол ойы сәтті жүзеге асты. Ұлымның балалық адалдықпен, шын ниетімен тарту еткен ол сыйлығы өмір бойы есімде қалары сөзсіз.

 

Алма АРЫНОВА,

Қ.Әбусейітов атындағы мәдени-сауық орталығының директоры, Павлодар қаласы:

 

- 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында туған-туыстарым, жора-жолдастарым көптеген сыйлықтар сыйлап жатады. Әсіресе хош иісті гүл, естелік сыйлықтар сыйлау - жыл сайын қайталанатын үрдіс. Ал анам Қанипаның әйелдер күніне орай тарту еткен ойыншық пианиносы бәрінен де әсерлі. Екінші әлде үшінші сыныпта ма, есімде жоқ, дүкеннен ойыншық пианиноны көріп, анама «әпер» деп жылағаным бар-ды. Өтінішімді анам елемегесін, түні бойы жылап шықтым. Анам ертеңінде 8 наурыз күні дүкен ашылысымен құмартқан әлгі затымды сатып әперді. Анам сыйлаған пианино мен үшін бәрінен де қымбат әрі әсерлі

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31