ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ЕРЛЕРДЕН ҚАНДАЙ СЫЙЛЫҚ КҮТЕДІ?

 

Халықаралық қыз-келіншектер мерекесін атап өту сонау 1857 жылдан бастау алады. Ежелгі Римдіктер көктемнің алғашқы айын әйелдер мейрамы деп атаған. Бұл күні әйелдер қауымы сүйіктілерінен сыйлық алып, мәре-сәре болып жатады. Тіпті, бұрынғы атам заманда күңдер де назардан тыс қалмаған. Мереке күні әр жерде демалыс жарияланып келеді.

Бүгінде біз бұл мерекені қалай бағалаймыз? Сауалнама нәтижесіне көңіл бөлсек, 66 пайызы бұл - нәзік жандарға арналған мереке десе, 18 пайызы наурыз-көктемнің бастауы, 8 пайызы қосымша демалыс күні деп санайды екен.

Қазір сауда жүйелерінен әйелдерге қажет нәрсенің барлығын табуға болады. Көптеген арулардың арманы бой жазып, демалу екен. Әлеуметтік сауалнама нәтижелеріне сүйенсек, әйелдердің 20 пайызы елден оқшауланып, ұйқымызды әбден қандырсақ деп армандайды екен.

Ал тұрмыс құрмаған қыздар сүйіктісінен «маған тұрмысқа шығасың бадеген ұсыныс күтері анық. Әйелдер күйеуі ақша үнемдемей, тұрмыстық техника алып берсе екен дейді.

 

Интернеттен алынған цифр көрсеткіштері мынадай:

1. құшақ-құшақ гүл– 31%

2. романтикалық сапар - 24%

3. тұрмысқа шығу туралы ұсыныс - 14%

4. масаймаған күйеу - 10%

5. қымбат әрі әдемі сыйлық, әсіресе, әшекей мен ұялы телефон - 6%

6. күйеуінің ажырасу туралы келісімі - 4%

7. қолдан жасалған кәдесыйлар -3%

8. хош иісті иіссу- 2%

 

Құнсыз сый-сияпаттар

Әйелдердың көбі-рухани азық - кітап құнсыз сыйлық деп есептейді. Қара тізімге сондай-ақ тәттілер, торттар, қызықты дүниелер жазылған кассета мен дисктер жатады екен.

 

Ең бағалысы

Сауалнамаға қатысқандардың 59 пайызы гүл әйелдің нәзіктігін білдіреді, бағалы сыйлық сол дейді. Ал нәзік жандардың 12 пайызы салтанатты жиындарға киіп баратын көйлек пен зергерлік әшекейге құмартады. Арулардың 10 пайызы осы күні бір тамаша жігітпен танысып, жарасып кетсем деп армандайды екен. Түрлі бояулар мен парфюмерді қалайтындар 11 пайызды құрап отыр. Тек 5 пайызы ғана сыйлыққа үйге қажетті кастрюль, таба, үтік сияқты тұрмыстық техника алғысы келеді.

Ерлердің 5 пайызы бұл күні сыйлық іздеп, уақытымды бос өткізбеймін десе, арулардың 8 пайызы ешкімнен ешқандай сыйлық күтпеймін деп жауап қатыпты. Ең қызығы, негізі сыйлық іздеп шарқ ұратындар сүйіктісінің сеніміне кіруді көздеп жүрген жас сері жігіттер екен.

 

Әзірлеген М.АЯҒАНОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31