ҚҰРМЕТТІ ПАВЛОДАРЛЫҚТАР!

 

Қымбатты жерлестер!

Сіздерді мәңгілік жаңғыру мен жаңарудың бастауы - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Осы жарқын мерекені біз мемлекетіміз Тәуелсіздік алғалы тойлай бастадық. Қазақстандықтардың ортақ күшімен осы жылдар аралығында республикада мықты экономиканы құрдық, сонымен қатар,  саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтап қалдық.

Өзімен бірге жылылық пен жаңа үміттер әкелетін көктемде Наурыз рухани тазаруға, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға септігін тигізеді. Ертеде осы күні дау тоқтатылып, барлық реніштер кешірілген, мерекелік дастарқан басында барлығы тең дәрежеде болады. Сондықтан болар, осы көктем мерекесін ынтымағы жарасқан отбасыдай тойлау жақсы дәстүрге айналған. Наурыздың арқасында қазақстандықтар өздерін зор және бірлескен халық  ретінде сезінеді деп еш күмәнсіз айтуға болады.

Наурыз бізге халықтың ұлы мұрасын бағалауға, дәстүр мен әдет-ғұрыптарға бойлауға, ал  ең бастысы,  сүйікті Отанымыз – Қазақстан Республикасының дамуы үшін жақсы істер жасауға үлкен мүмкіндік береді.

Наурыз мейрамы құтты болсын!

 М.ЖЕЛНОВ,

Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31