2010 жыл, наурыз
- Павлодар облысына арнайы іссапармен Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ өкілдігінің басшысы Норбер Жустен келді. Мәртебелі мейман С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Еуропалық Одақ бұрышының тұсауын кесті;
- Екібастұздың мал терісін өңдеумен айналысатын «ҚазЭкспортТері» ЖШС өңделетін терінің 90 пайызын Италияға экспорттай бастады;
- Баянауыл ауданының орталығында 600 оқушыға шақталған мектеп-интернат есігін айқара ашты;
- Павлодар қаласының Усолка мөлтек ауданында әлеуметтік негіздегі жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді.
2010 жыл, сәуір
- Тау тұлға, атақты ғалым Қ.Сәтбаевтың құрметіне облыс орталығында еңселі ескерткіш бой көтерді;
- Облыста алғаш рет белбеулік күрес бойынша турнир өтті.
2010 жыл, мамыр
- Облыс бойынша 2009-2010 оқу жылында 22 мыңнан аса түлек қанат қақты.
2010 жыл, маусым
- Облыс орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан Алюминийі» АҚ-ның қаржысына салынған жаңа балабақша бой көтерді;
- Павлодарда ҚР мемлекеттік рәміздері күніне орай «Бірлігіміз жарасқан!» атты акция аясында патриоттардың республикалық ІІІ форумы өтті;
- Елбасы Н.Назарбаев Павлодар облысында екі күндік іссапармен болып қайтты.
2010 жыл, қыркүйек
- Облыс орталығында жаңа үлгідегі бокс залының тұсауы кесілді;
- «Дұрыс тамақтан, спортпен айналыс, денсаулығыңды сақта» деген ұранмен аймақтық денсаулық фестивалі өтті;
- ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов Павлодар облысында іссапармен болып қайтты;
- Жерлесіміз, әнші-сазгер Жаяу Мұса Байжанұлының 175 жылдығы аймақ бойынша кең ауқымда аталып өтті.
2010 жыл, қазан
- Әнші-сазгер Иса Байзақовтың 110 жылдық мерейтойы аталып өтті;
- Павлодар қаласында өткен «Қанатты әйел-3» республикалық жәрмеңкесі өтті;
- Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің жаңа ғимараты іске қосылды;
- Қазақ мәдениетіне сүбелі үлес қосқан ғалым-этнограф Г.Потаниннің 175 жылдық мерейтойына орай барельеф орнатылды.
2010 жыл, қараша
- Жергілікті «Ертіс» футбол клубы ел біріншілігінің қола жүлдегері атанды;
- Елордада тоғызқұмалақтан тұңғыш рет өткен әлем біріншілігінде павлодарлық Д.Кенина қола жүлдеге ие болды;
- Облыс орталығында алғашқы рет балаға мейірімді қалалардың Саммиті өтті;
- Халықаралық «Аманат» журналының Павлодар облысына арналған кезекті саны жарық көрді.
2010 жыл, желтоқсан
- Павлодар қаласында «Энергетик» теннис орталығы пайдалануға берілді;
- Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған тұрғын үй іске қосылды;
- Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы драма театры өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтті;
- Әлемді таң қалдырған өндіріс алыбы «Богатырь» кенішінің құрылғанына - 40 жыл;
- Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен Азия ойындарында павлодарлық көркем гимнасшылар М.Мұқанова мен М.Петракова алтыннан алқа тағынды;
- Энергетика саласының көшбасшысы Екібастұздық ГРЭС-1 станциясына 30 жыл толды.
2011 жыл, қаңтар
- Павлодар облысында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы АҚ президенті Асқар Мамин іссапармен болып қайтты.
- Музыка өнерінің насихаттаушысы Н.Шафер 80 жасқа толды;
- Жетінші қысқы Азиада ойындарының алауы өңірімізге келіп жетті.
2011 жыл, ақпан
- ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев екі күндік іссапармен облысымызда болып қайтты;
- Жазушы, ғалым М.Сәрсекенің «Ермұхан Бекмаханов» ғұмырнамасының тұсауы Баянауыл ауданында кесілді.
2011 жыл, наурыз
- Облыс орталығында Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған әйелдер форумы өтті.

