ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР, ҚҰРМЕТТІ ПАВЛОДАРЛЫҚТАР!

Сіздерді табиғаттың түлеп, жаңарған шағы - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.
Тамыры тереңнен бастау алған мерекенің еліміз үшін маңызы аса зор. Әз Наурыз - жер-жаһанды сері самалға өткізіп, жұрттың аузын аққа жеткізіп, нұр тамшыларын аямай төккен мереке. Ұлыстың Ұлы күні – баршамыз бір-біріміздің ренішімізді кешіріп, халық пен халықты жақындастыратын киелі күн. Көктемнің осы шағында табиғат-Ана жаңарып, қоғамның ынтымағы мен бірлігін, бейбітшілігі мен түсіністігін нығайтуымен қатар, адам баласының да жан-дүниесі жаңғыра түседі. Ежелден-ақ Наурыз жаңа жылдың басталуы мен жасампаздықтың жарқын мерекесі деп саналуы жайдан жай емес.
Осы себепті, 1991 жылғы наурыз айынан бастап, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың арнайы Жарлығымен Наурыз мейрамы ресми түрде бекітіліп, ресми мереке болып жарияланды. Елбасының осындай оң шешімінің арқасында 20 жыл бойы елімізде ресми түрде Наурыз мейрамын тойлаудамыз.
Сонымен қатар, Наурыз мерекесі ЮНЕСКО-ның адами мұраларының тізіміне еніп, былтырғы жылы БҰҰ-мен «халықтық мереке» деп танылды. Осындай мәртебе алдағы уақытта да ұлттық мерекеміздің мерейін әлемдік деңгейде асқақтатары сөзсіз.
Көпұлтты мемлекетіміздің әрбір шаңырағы Наурыз мейрамын қуанышпен қарсы алып, шын пейілмен атап өтеді. Еліміздің қарқынды дамыған экономикалық әлеуеті мен ел ішіндегі мызғымас бірлік, келешекке бағытталған биік мақсаттар мен ұлы мұраттар – осының айқын дәлелі. Егеменді еліміздегі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісім де – қол жеткізген жетістігіміз екенін атап кеткен жөн.
Қымбатты жерлестер! Сіздерге шынайы ниетпен дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық және әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін. Еліміз өркен жайып, береке-бірлігіміз артып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен құт-береке әкелсін!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!

Бақытжан САҒЫНТАЕВ,
Павлодар облысының әкімі.
 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31