КӨРКІНЕ АҚЫЛЫ САЙ АРУЛАР СЫНЫ

Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы мен мәдени-сауық орталығында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған аймақтық «Наурыз аруы» байқауы өтті. Байқаудың іріктеу кезеңіне өңіріміздің әр аймағынан жеңімпаз атанған 25 ару қатысты. Нәзік жандылардың суырылып алға шыққан 11-і ақтық шарада бақ сынасып, көрермендер алдында өнер көрсетті.

 

Ибалылық пен инабаттылықты, сыпайылық пен сұлулықты бойларына дарыта білген сұлулар бес бөлім бойынша сынға түсті. Байқаудың алғашқы бөлімінде арулар қалың көпшілікке туған жерін, шыққан тегін таныстырды. Бұл ретте, таныстыруын қазақтың қара домбырасының сүйемелдеуімен жеткізген Павлодар қаласының намысын қорғаушы Гүлниса Алдажарова өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ, қашырлық Қымбат Олжабаева, баянауылдық Мөлдір Сәбит және Ертіс ауданының өкілі Альмира Қожанова алғашқы бөлімде шеберліктерін паш етті. Сұрақ-жауап бөлімінде сұлуларға еліміздің тарихы мен салт-дәстүріміз бойынша сауалдар қойылды. Бұл сында ақсулық Айжанар Жәкетаева, Баянауыл ауданының өкілі Лашын Бөрік, екібастұздық Әсел Мұхаметжанова қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап берді. «Шебердің саусағы бал...» атты келесі бөлімде қатысушылар қамыр илеп, нан есу бойынша жарысқа түсті. Нәзік жандылардың барлығы дерлік өздеріне жүктелген міндетті абыроймен ақтап шықты. Олай дейтініміз, олардың жайған наны қазылар тарапынан жоғары бағаға ие болды. Төртінші бөлімде арулар өз өнерлерін ортаға салса, шешуші бөлімде кешкі сән киім үлгілерін ұсынды. 

Қазылардың шешімі бойынша Қашыр ауданының өкілі Қымбат Олжабаева биылғы жылдың «Наурыз аруы» атанып, қомақты ақшалай сыйлыққа ие болды. Ақсу ауылдық аймағынан келген Айжанар Жәкетаева екінші орынды қанжығасына байласа, павлодарлық Гүлниса Алдажарова үшінші орынды қанағат тұтты. Байқаудың «Өнерпаз аруы» болып Павлодар қаласының өкілі Гүлсая Мағазова танылса, баянауылдық Мөлдір Сәбит «Инаббатты ару» атанды. Ал лебяжілік Гүлнұр Сәкенова «Көрермендер көзайымы» аталымына ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтарға ие болып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Ф.ӘМІРЕНОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 26 27
28 29 30 31