УСПЕНКА АУДАНЫ

 

22 наурыз күні орталық алаңда «Нұр жауған Ұлыстың ұлы күні» деген атпен ұйымдастырылған мерекелік шараға аудан әкімі Н.Әутәліпов қатысып, успенкалықтарға жүрекжарды лебізін білдірді. Алаңға жағалай тігілген ақшаңқан киіз үйлердің ішіне дастарқан жайылып, ұлттық тағамдар қойылды. Мерекеге жиналған тұрғындар дастарқаннан дәм татып, Наурыз көжеден ауыз тиді. Мереке көркемөнерпаз ұжымдары мен ұлттық-мәдени орталықтардың қатысуымен әзірленген концерттік бағдарламаға ұласты. Әсем ән шырқалып, күмбірлеген күй төгілді. Сондай-ақ, аудан орталығының мемлекеттік мекемелері арасында «Қазақтың салт-дәстүрлері-ай!»

байқауы, ал білім беру мекемелерінің арасында «Сәлем саған, Наурыз!» атты шағын шоу ұйымдастырылды. Тұрғындардың қатысуымен спорттық жарыстар, эстафеталар, ұлттық ойындар байқауы өтіп, қайырымдылық асханалары жұмыс істеді Жалпы, Наурыз мейрамы ауданға қарасты барлық ауылдық округтерде тойланды.

Н.АҚЫТЕГІ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 30 31