Қазақстандық журналистиканың дамуына қосқан қомақты үлесі үшін Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің Бас редакторы М.М.Омаров «Қазақстанның құрметті журналисі» белгісімен наградталды.
Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Қазақстан журналистер Одағының Павлодар облыстық филиалы «Жылдың ең үздік шығармашылық жұмысы», «Журналистика ардагері», «Дебют» аталымдары бойынша арнайы және ынталандыру сыйақыларын тағайындады.
«Жылдың ең үздік шығармашылық жұмысы» аталымы бойынша:
Тамара Абубакарова – «Версия» газетінің тілшісі - әлеуметтік тақырыптағы материалары үшін;
Мұрат Аяғанов – «Сарыарқа самалы» газеті бас редакторының орынбасары – экономика және ауыл шаруашылығы тақырыптарына қатысты жарияланымдары үшін;
Анастасия Брец – «Регион. KZ» газетінің тілшісі – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жетілдіру бағытында жазған материалдары үшін;
Николай Гостищев – Шарбақты аудандық «Трибуна» газетінің бұрынғы редакторы – ауыл өміріне қатысты мәселелер туралы жазған жарияланымдары үшін;
Людмила Гришина – «Звезда Прииртышья» газетінің тілшісі – «Незабываемое» айдарымен жарияланған көркем-публицистік очерктер топтамасы үшін;
Федор Ковалев – «Наша жизнь» газетінің тілшісі – Павлодар қаласын көріктендіру тақырыбындағы материалдар топтамасы үшін;
Алма Күлниязова – «Голос Экибастуза» газетінің тілшісі – ауыл өмірін арқау еткен жарияланымдары үшін;
Елдос Төлеубаев – Павлодар облыстық радиосының бас режиссері - өзекті тақырыптарды қамтыған публицистикалық бағыттағы және тікелей эфирде жүргізген бағдарламалар циклі үшін;
«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының шығармашылық ұжымы келесі құрам бойынша: Гүлжанат Иманғазина – жоба продюсері, Жанна Тұяқова – режиссер, Әйгерім Марденова – монтаж жасаушы, Сұлтан Жолдасов – оператор, Мөлдір Доспаева – жүргізуші, Гүлмира Сағындықова – PR-менеджер – «Ертіс жұлдыздары» тележобасын дайындағаны үшін марапатталды.
«Журналистика ардагері» аталымы бойынша:
Төлеген Нұрғазин – «Сарыарқа самалы» газетінің фототілшісі;
Әлия Нұрмағамбетова – Павлодар облыстық радиосының комментаторы;
Сергей Симоненко – «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының операторы марапатталды.
«Дебют» аталымы бойынша:
Ақмарал Есімханова – облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі;
Әсемгүл Касенова – облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің тілшісі;
Сағила Қапасова – Павлодар облыстық радиосының комментаторы;
Сәуле Қайдағұлова – «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының редакторы марапатталды.
Арнайы сыйақылармен:
Вера Болтина мен Людмила Шевелёва – бұқаралық ақпарат құралдарымен көп жылғы әріптестігі мен «Георгий Берестовский: ученый с мировым именем» кітабы үшін;
Эрнест Соколкин – Павлодар облысының журналистикасы энциклопедиясын дайындауға қатысқаны үшін;
Бикболат Хазыров - бұқаралық ақпарат құралдарымен көп жылғы әріптестігі және тарихи тақырыпта жазған жарияланымдары үшін;
Гүлнәр Данкенова – «Қазақтелеком» Павлодар облыстық дирекциясының баспасөз хатшысы – бұқаралық ақпарат құралдарымен әріптес болып, жемісті еңбек еткені үшін марапатталды.
Қазақстан журналистері күні мерекесіне орай Қазақстан журналистер Одағы мен бас редакторлар кеңесі облыстық бөлімінің ұсынысы бойынша С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің арнайы сыйақыларымен:
Асыл Әбішев – «Сарыарқа самалы» газеті бас редакторының орынбасары;
Юрий Березнев – Қашыр аудандық «Заря» газетінің редакторы;
Владимир Гегер – «Звезда Прииртышья» газеті бас редакторының орынбасары;
Мұхамади Хамитов – Железинка аудандық «Родные просторы» газетінің редакторы марапатталды.
Сыйлық иелерін марапаттау рәсімі 2011 жылдың 24 маусымы күні Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 99, С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің студенттік клубында өтеді.

