Конституция күнін әскери бөлімдер де атап өтті
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Павлодар қаласындағы 6679 және 5512 ішкі әскери бөлімдерінде мерекелік шаралар ұйымдастырылды.
6679 әскери бөлімі айбарлы Ата Заңымыздың күнін мерекелеуге ерекше мән береді. Биыл әскери бөлім басшылығы мерекеге облыс орталығындағы Қ.Әбусейітов атындағы мәдени-ойын-сауық орталығының өнерпаздарын шақырыпты. Бөлімді әсем әнге бөлеген талантты ұл-қыздар жас жауынгерлердің ыстық ықыласына бөленді. Алдымен, бөлім командирі, подполковник Рүстем Ақбалин бірқатар жас жауынгерлерді Алғыс хаттармен марапаттады. «Ата Заң – әрбір азаматтың қадір тұтатын баға жетпес байлығы. Біз өз сарбаздарымызға осы қағиданы үнемі айтып отырамыз. Еркіндік, бостандық, тәуелсіздік ұғымдарының мәні тереңде жатыр.
Фархат ӘМІРЕНОВ,
Суретті түсірген - автор.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 1 қыркүйегіндегі номерінен оқи аласыз)

