ТАРИХИ ҚҰНДЫ КІТАП

 

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Павлодар облысы» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Шараға өңірдің археолог ғалымдары мен болашақ тарихшылар қатысты.

Өткен жылы Алматылық «Аруна» баспасынан шыққан кітаптың таралымы – 3000 дана. «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы аясында жарыққа шыққан кітап материалдарын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазреставрация» мемлекеттік мекемесі мен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті археологиялық зерттеулер орталығының ғылыми құрамы дайындады. Сондай-ақ, 2007-2008 жылдары Павлодар археологиялық экпедициясы жүргізген жұмыс қорытындылары жарияланды. Экспедиция құрамындағылардың айтуынша, зерттеу нәтижесінде аймағымызда 300-ден аса жаңа ескерткіш табылған.

- Кітапта Павлодар облысының археология, тарих, сәулет және монументалды өнер ескерткіштері туралы ғылыми-анықтамалық мақалалар топтастырылған. Сол себепті бұл еңбекті аймағымыздың тарихи-мәдени мұраларын көпжылдық зерттеудің нәтижесі деп білеміз, - дейді экспедиция жетекшісі Виктор Мерц.

 

А.ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 26 27
28 29 30 31