АПАТ ҚҰРБАНДАРЫ жадымызда мәңгі сақталады

Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль апатына биыл - 25 жыл. Ол келтірген залалы мен салдары жөнінен ХХ ғасырдағы ең ірі техногендік радиациялық апат саналады. Сенбі күні Павлодар қаласында аталмыш алапат апаттың зардабын жоюға қатысқан жерлестерімізді еске алу рәсімі өтті.

 

1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль қаласында атом қуатын пайдалану тарихында мыңдаған адамның өмірін қиған ең ірі апат орын алды. 600 мың адам, соның ішінде 32 мың қазақстандық апат зардаптарын жоюға қатысты. Олардың қатарында мыңнан аса павлодарлықтар болды. Өкінішке қарай, ол азаматтардың қатары жылдан-жылға сиреп келеді. Көбісі емделуі күрделі сәуле ауруларына шалдыққан. Еліміз олардың ерлігін ешқашан ұмытпайды.

Облыс орталығындағы Ленин саябағында орналасқан Чернобыль апатының құрбандарына арналған ескерткіш жанында еске алу рәсімі өтті. Оған ядролық апат салдарын жоюға қатысқан жерлестеріміз, мемлекеттік орган басшылары, жастар қауымы қатысты. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының «Чернобыль» қоғамдық бірлестігі өкілдері келді. «Бүгінде облысымыздың қалалары мен аудандарында сол оқиғаның бел ортасында болған үш жүзден астам жерлесіміз тұрады. Біз осы шара аясында олардың барлығының басын қосуға тырыстық. Бұл ретте атқарушы орган өкілдерінің көп көмегі тиді. Жалпы, шараны ұйымдастыру барысында облыс басшылығы, «Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалы тарапынан үлкен қолдау көрсетілді», - дейді аймағымыздағы «Чернобыль одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Виктор Деймунд. Жиналғандар жарылыс салдарынан құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Еске алу рәсімі Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында жалғасты. Мұнда қаһармандығы мен патриоттық міндеттерін абыроймен өтеген  қазақстандық залалсыздандырушы жауынгерлерді дәріптеу             әрі жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында салтанатты шара ұйымдастырылды. «Ширек ғасыр өтсе де, Чернобыль апаты қазақстандықтардың жүрегінде әлі күнге дейін сақталуда. Оның салдарын жоюға қатысқан жүз мыңдаған азаматтардың ерлігі мен жігері болмаса, апаттың ауқымы одан да үлкен болуы ықтимал еді. Олар өмірлерін, денсаулықтарын пида етіп, өз борыштарын орындады — адамдарды радиацияның зиянды әсерінен қорғады, оның одан әрі қарай таралуына тосқауыл болды. Аға ұрпақтың бұл ерлігі ұмытылмайды», — деді облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова. Сондай-ақ, ол тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы маңызды шешімінің арқасында Қазақстанның қауіпсіз, бейбіт өмірге аяқ басқандығын ерекше атап өтті.

Салтанатты шара барысында көп жылғы адал еңбегі, Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жою барысында көрсеткен ерлігі, жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан зор үлесі мен белсенді өмірлік ұстанымы үшін Андрей Оразбаев пен Виктор Воробьев Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ тағы бірқатар азамат облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасына, «Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалының Алғыс хатына ие болды. Кеш барысында басқа да түрлі деңгейдегі марапаттар табыс етілді. Шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Данияр ЖҰМАДІЛОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31