Ұлы жеңіс мерекесіне орай Ақтоғай ауданы денсаулық сақтау саласының қызметкерлері жаңа қырларынан көрінуге тырысты. Атап айтар болсақ, аудандық спорт кешенінде волейболдан «Ақ желеңді спортшы» атты жарыс ұйымдастырылды. Шарада аудандық аурухананың әкімшілік ұжымынан және түрлі бөлімдердің қызметкерлерінен 4 команда жасақталып, бақ сынады. Жарыстың ашылуында сөз алған аудандық аурухананың бас дәрігері Зәуре Айдарханова дәрігерлер қауымы Ұлы Отан соғысында да, бейбіт күнде де адамзаттың денсаулық сақшысы болғандығын және олар әрдайым салауатты өмірге ұмтылып, үлгі көрсететінін атап өтті.
Тартыс пен қызыққа толы ойында аурухананың әкімшілік бөлімі қызметкерлері командасы жеңімпаз ретінде танылды. Шараға белсенді қатысқан командалар және жеке ойыншылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Сондай-ақ, қызметкерлер тарапынан игі бастаманың алдағы уақытта дәстүрге айналуына ынталы екендіктерін білдірді.
Төлеубек БЕКБОЛАТ,
Ақтоғай аудандық ауруханасының маманы.

