ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында Батыс Еуропада тоталитарлық мемлекеттердің бірі фашистік Германия бой көтерген болатын. Фашистердің басқыншылық саясаты негізінде екі әскери-саяси одақ пайда болды. Сөйтіп, дүниежүзілік соғыс қаупіне әкеліп соқтырды. Әуелгі баста Кеңес Одағы Еуропада ұжымдық қауіпсіздік жүйені ұйымдастыруға тырысып баққанымен, кейін батыстың алпауыт елдерінің сұрқия саясаты негізінде 1939 жылы Германиямен келісім шартқа отыруға мәжбүр болды. Ал фашистер келісімшартты бұзып, Польшаға қарсы соғыс ашты. Сөйтіп, 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасап, Ұлы Отан соғысының өрті тұтанған еді.
Ең алапат, қайғы-қасіретті молынан әкелген екінші дүниежүзілік соғысқа әлем халықтарының 80% қатысып, 61 мемлекет тартылса керек. Кеңес әскеріне соғыс кезінде тарихи деректер бойынша, шамамен 1 млн. 200 мыңнан астам қазақстандық шақырылған. Олардың ішінде сонау 32-нің аштығындағы қырғынға ұшырай отырып, Батысқа 500 мың боздағын аттандырған бейбақ қазақ ұлтының үлесі өте зор. Міне, осындай сұрапыл соғыста Сарықамыс ауылдық кеңесінен, яғни Баянауыл ауданына қарасты Теңдік ауылынан тоқсаннан аса азамат аттанған.
Болатбек МҰЗАФАР,
ПМПИ-дің археология-этнологиялық зерттеулер ғылыми-тәжірибелік орталығының маманы.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жылғы 16 маусымындағы номерінен оқи аласыздар)

