ӨШПЕС ЕРЛІК ЖАСАҒАН Кеңес Одағының Батыры Қ.Сұрағановтың туғанына - 90 жыл

Павлодар қалалық әскери комиссариаты ғимаратының алдына өңшең жас жігіттер қаз-қатар сап түзеген. Әскери киім киіп, сымша тартылған артиллерия әскерлерінің капитаны: «Мен 185-ші артиллерия полкіненмін. Өзім қызмет жасайтын әскери бөлімге орта білімді, денсаулығы мықты жігіттерді оқу батареясына іріктеп алуға келдім. Онда екі жыл білім алып, «артиллерияның кіші лейтенанты» деген шенмен елдеріңе ораласыңдар,» - деді.

Осылайша таңдалып алынған болашақ Отан қорғаушылар поезбен еліміздің Шығысына бет алды. Манчжурия шекарасы. «Таңсықбұлақ» деген жер. Құдайберген сынды  жігіттер 185-ші артиллерия полкінің оқу батареясына қабылданады. Құдайберген Сұрағанов оқу батареясының командирі аға лейтенанттың алдына келіп: «Сізге айтар тілегім бар, рұқсат етсеңіз», - дейді.

- Айтыңыз, жолдас курсант, - дейді комбат ерекше бір кішіпейілділік танытып.

- Мен орыс тілін жетік білмеймін. Игеруі аса күрделі артиллерияның қыр-сырын орыс тілінде оқып үйрену маған қиын, - деп бүкпесіз шындығын айтқан жас жауынгерге: «Орыс тілі - үйренуге өте оңай тіл. Әрі бәріміз де жатсақ-тұрсақ, орысша сөйлеп жүрміз ғой. Ертең-ақ үйреніп аласың. Мен егер жастарды сынай білсем, сенен түбінде жақсы артиллерияшы шығады. Табаныңды жалтырат та, класыңа бар!» – деген екен тәжірибелі батарея командирі.

 

Еркін МУНДУИНОВ.

 

 

(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жылғы 16 маусымындағы номерінен оқи аласыздар)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Маусым 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30