Адам баласы үшін қос жанардың қадірі бөлек. Алайда, сол байлықты дер кезінде бағаламай, кейін өкінішке бой алдырып жатамыз. Көз жанарының қабілеті кеміп, алдына келген талай жанға, егдесі бар, есін енді тоқтатқаны бар, көмек қолын созып жүрген білікті дәрігердің бірі - Бақытжан Маратұлы Қапанов. Бүгінде ол жетекшілік ететін Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың көз аурулары бөлімшесі емдеудің озық әдіс-тәсілдерін тәжірибеге сәтті енгізуде.
Бақытжан Маратұлы 1972 жылы Семейде туған. Орта білім алған соң, Семей мемлекеттік медицина институтына (қазіргі академия) оқуға түскен. «Бала жасымнан-ақ дәрігерлік оқуға баратынымды білдім. Маған жол сілтеген отбасым болатын, анам мен ағаларым медицина саласында қызмет ететін еді», дейді ол әңгімесінде. Алты жылдық оқудың соңғы курсында көз аурулары бөлімі бойынша оқып, интернатурадан Павлодар облыстық ауруханасында өтеді.
- Хирургия саласының ішінде осы мамандық маған қызықты болып көрінді. Оны таңдағаныма осыған дейін еш өкінген жоқпын. Биыл, міне, осы ауруханада дәрігер ретінде қызмет етіп жүргеніме 15 жыл болады, - дейді Б.Қапанов.
Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жылғы 16 маусымындағы номерінен оқи аласыздар)

