Өткен дүйсенбі күні облыс орталығындағы Астана мұз сарайында «Жас толқын - 2011» атты мектеп бітірушілердің салтанатты кеші болды. Айтулы шараға облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысып, түлектерге сәтті сапар тіледі.
Салтанатты шараға екі мыңнан астам түлек шақырылды. Айта кетерлігі, Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен орайлас келіп отырған түлектер кеші ерекше мазмұнда өтті. Мектеп бітірушілердің назарына Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 20 жылда қол жеткен жетістіктерді паш етіп, ұлттар достығын дәріптейтін арнайы көріністер ұсынылды. Бұдан соң аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев сөз алып, түлектерге жүрекжарды лебізін жеткізді. «Бүгінгі түлек – ертеңгі күні байтақ еліміздің абыройын асқақтататын білікті маман. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы елдің де, жердің де иесі - сендер деп үлкен үміт, зор сенім артуда. Сондықтан, терең білімді, аса жоғары мәдениетті азамат болуларыңа шын жүректен тілектеспін.
Нұржайна ШОДЫР.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 23 маусымындағы номерінен оқи аласыз)

