Құрметті оқырмандар! Осы жылдың 17 шілдесі күні сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін облыстық «Сарыарқа самалы» және «Звезда Прииртышья» газеттері редакцияларының қатысуымен тек қана «Аймақ айнасы» ақпараттық порталында «2011 жылдың алғашқы 6 айындағы облыс ішкі істер органдары қызметінің нәтижесі және жедел қимыл жағдайы» тақырыбында интернет-конференция өтеді.
Интернет-конференцияға Павлодар облысы ІІД бастығы, полиция полковнигі Арман Молдиярұлы Оразалиев қатысады.
Сіздерге ерекше мүмкіндік туып отыр. Көкейлеріңізде жүрген сауалдарыңызды on-line режимінде қойып, жауап ала аласыздар.
Бірде-бір сауал жауапсыз қалмайды. Сұрақтар алдын ала (61-80-20, 61-80-17 телефондары бойынша) және «Аймақ айнасы» порталында (www.aimak-ainasy.kz) өтетін интернет-конференция күні көрсетілген уақытта қабылданады.

