ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ – ҚОҒАМДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

Бұған дейін оқырмандарымыздың басым бөлігі үшін интернет-конференция түсінігі таңсық болып келгендігіне шүбә жоқ. Ал бүгінде ол облыс жұртшылығы үшін облысымыздағы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен тікелей тілдесудің таптырмас мүмкіндігіне айналып отыр. Бұл - халық пен билік арасындағы көпір десе де болады. Павлодар облыстық әкімдігі, Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының шаруашылық жүргізу құқындағы «Аналитикалық ақпарат орталығы» КМК және облыстық «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья», «Регион KZ» газеті редакцияларының бастамасымен қолға алынған аталмыш игі шара оқырмандар тарапынан жоғары бағаға ие болуда.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мол мүмкіндігін кеңінен пайдалана отырып, on-line режимінде  жүргізілетін интернет-конференциясы осымен төртінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Бұл жолы «аймақ-айнасы» электронды порталы арқылы облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Молдиярұлы Оразалиев аймақ жұртшылығымен «байланысқа шықты». Облыс тұрғындары өздерін мазалаған, көкейінде жүрген сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Сондай-ақ, ол аймағымызда құқық қорғау саласында орын алған бірқатар өзгерістер мен тың жаңалықтар жайында хабардар етті. Белгілі бір құқық бұзушылық фактілеріне байланысты түсінік берді. Төменде назарларыңызға интернет-конференция барысында павлодарлықтар тарапынан жолданған сауалдардың біразын ұсынып отырмыз.

 Сұрақ.

Махаббат, Павлодар қаласының тұрғыны:

- Менің сауалым жол қауіпсіздігі мәселесіне байланысты, жыл сайын бұл салада ілгерінді істер атқарылып жатқандығын білеміз. Қала көшелеріне бейнебақылау камералары орнатылып, жол тәртібін бұзғандар үшін жаза қатаңдана түсті. Бірақ, өкінішке қарай, одан келіп жатқан пайда аз. Қазір көшеде жүру  қауіпті болып барады. Жүргізушілер тәртіпке бағынбайды. Кеш түссе болды, қала көшелері автокөлік жарыстарының алаңына айналады. Бұл кемшіліктерді түзету тұрғысынан нендей жұмыстар атқарылуда?

Жауап:

- Дұрыс айтасыз, жыл сайын бұл салаға белгілі бір жаңашылдықтар енгізудеміз. Оның барлығы жол үстіндегі қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған.

Данияр ЖҰМАДІЛОВ.

(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 19 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31