2011 жылғы 6 тамызда сағат 21.00-де Баянауылдағы Жасыбай көлінің жағалауында Павлодар облысы әкімдігінің қолдауымен «Жұлдызды Жасыбай» І ретро-фестивалі өтеді.
Әйгілі режиссер, жерлесіміз Шәкен Аймановтың «Алдар көсе», «Наш милый доктор (Біздің сүйікті доктор)», «Песня зовет (Ән шақырады)», «Тақиялы періште» кинофильмдерінің әндері «Жұлдызды Жасыбай» ретро-фестивалінің тақырыбы ретінде алынады.
«Песенка про Одиссея», «Все равно ты будешь мой», «Песня о матери», «Көктем вальсі», «Надо мной небо синее» танымал әндерін және басқа да көптеген әндерді белгілі әртістер Нұрлан Абдуллин, Талғат Мұсабаев, Дильназ Ахмадиева, «КеshYou», «Дауыс Internatiоnal», «Премьера» топтары, Superstar.kz теледидар сайысының финалистері – «Арнау» дуэті, сондай-ақ облыстың танымал ұжымдары орындайды.
Фестиваль жүргізушілері – Майя Веронская және Бақытжан Әлпейісов.

