Биыл Павлодар қаласындағы 6679 әскери бөлімінің құрылғаны 44 жыл толды. Тамыры тереңде жатқан әскери бөлімде мыңдаған жауынгер отан алдындағы борыштарын өтеді. Жуырда аталған бөлімнің құрылған күніне орай салтанатты жиын өтті. Оған жас жауынгерлер, бөлім басшылары және осында қызмет атқарған ардагерлер қатысты.
Валерий Кощак - 6679 әскери бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы. Осында 18 жыл бойы қызмет атқарған. Қазір зейнеткерлікте. Соған қарамастан «әскери бөлімге бір келіп кетпесем, көңілім көншімейді» дейді.
Фархат ӘМІРЕНОВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 4 тамыздағы номерінен оқи аласыз)

