Кеше Павлодар қаласында ауқымды медиа-форум өз жұмысын бастады. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған бұл шара шартты түрде аймақтық деп аталғанымен, оған республикалық, тіптен шетелдік ақпарат құралдарының да өкілдері қатысты. Олардың қатарында «Хабар агенттігі» АҚ-ның креативті директоры Ержан Сүлейменов, республикалық «Айқын» газеті директорының орынбасары Нұрбол Станов, РФ Новосібір облысы Журналистер одағының төрағасы, Сібір федералды округінің «Сибирь: момент истины» газетінің бас редакторы Андрей Челноков, АҚШ-тың «Associated Press» ақпараттық агенттігінің арнайы тілшісі Питер Леонард, «7 арна» телеканалы бас директорының кеңесшісі Ердос Меңдібаев және тағы басқалары бар.
Данияр ЖҰМАДІЛОВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 6 тамыздағы номерінен оқи аласыз)

