форумға қатысушылар осылай деп үн қатты
Үстіміздегі жылдың 18-20 тамыз күндері қасиетті Баянауыл жерінде алғаш рет шекаралас ынтымақтастықтың «Бірлік-Единство.kz» атты халықаралық жастар этно-мәдени форумы өтті. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында өткен айтулы шараның ұйымдастырылуына Павлодар облысы әкімдігі мен облыс бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) мұрындық болды. Форумға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХА жастармен жұмыс жөніндегі комиссияның төрайымы Людмила Хочиева, ҚР Президенті әкімшілігі жанындағы ҚХА-ның ғылыми-сараптамалық кеңесінің хатшысы Наталья Калашникова, сондай-ақ республиканың бес облысы мен Ресейдің көршілес өңірлерінің делегациялары қатысты.
Ақмарал ЕСІМХАНОВА.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 23 тамыздағы номерінен оқи аласыз)

