
Кеше «Достық үйінің» концерттік залында облыстың үкіметтік емес ұйымдарының кезекті форумы болып өтті. «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранымен өткен бұл елеулі шараға облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Айгүл Соловьева, ҚР Мәдениет министрлігі қоғамдық-саяси жұмыс жөніндегі департаменті директорының орынбасары Василий Порубаймех, өзге де атқарушы билік пен қоғамдық қор өкілдері қатысты.
Форумға келушілер алдымен жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың қызметтері мен өнімдері ұсынылған көрмені тамашалады. Баянауыл ауданынан «Тұма» жастар бірлестігі, Екібастұз қаласынан келген «Өмір» шығармашылық оңалту орталығы, Павлодар ауданы Красноармейка ауылының «Тәлімгер» қоғамдық жастар қоры және тағы да басқа ұйымдар әлеуметтік бағыттағы істерін жан-жақты таныстырды.
Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 10 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

