«БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫ ҚОРҒАУҒА 20 ҚАДАМ»

«Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы  Павлодар облысында осымен төртінші жыл жалғасын табуда.

Акцияның мақсатыбіліммен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан, сондай-ақ жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп оқушыларына уақытында материалдық қолдау көрсету, әлеуметтік себептер бойынша олардың мектепке келмеуін алдын алу.

2010 жылы «Мектепке жол» акциясы барысында облыстың жалпы орта білім беретін мектептерінің 11155 оқушысы жалпы сомасы 40 млн. 063 мың теңге көлемінде материалдық көмек алды. Оның ішінде демеушілерді жұмылдыру есебінен 6112 оқушыға бюджеттен тыс қаражат есебінен сомасы 18 млн. 675 мың теңгеге мектепке дайындық көмегі көрсетілді.  

Ағымдағы жылы ел тарихындағы маңызды оқиға - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын ескере отырып, Павлодар облысының білім беру басқармасы жаңа оқу жылының қарсаңында көмекке мұқтаж балаларға демеушілік көрсетем деген  облыс тұрғындарын «Балалық шақты қорғауға 20 қадам» атты қайырымдылық марафонына қатысуға шақырады.

Егер Сізде әртүрлі себеппен мектепке бара алмайтын балалар туралы мәлімет болса, облыстың білім беру басқармасына хабарласуыңызды сұраймыз.

Байланыс телефондары: 8718 (2) 32-11-74, 32-03-05 немесе: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript электронды поштаға жолдауға болады.

 Облыстық білім беру басқармасы.

(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 11 тамыздағы номерінен оқи аласыз)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31