«Мектепке жол» акциясы аясында Екібастұз өңірі бойынша аз қамтылған отбасылардан шыққан 86 балаға 400 мың теңгеге жуық материалдық көмек көрсетілді.
Қайырымдылық шарасына қатысуға ниет білдірген азаматтардың қатарында «Аметист» сауда үйінің басшысы М.Зорина болды. Ол №5 орта мектебінің екі оқушысына 20 мың теңгеге киім-кешек сатып әперді. Ал Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы Э.Әбдінов те аталмыш мектеп және «Шығыс» футбол мектебінің оқушыларына қажетті киім-кешектерді табыс етті. Жомарт жандар арасынан №23 мектеп әкімшілігі де көрінді. Олар бірнеше оқушыға спорт киімін сыйлап, спортпен шұғылдануға ынталандырды.
А.МЕЙРАМОВА, Екібастұз қаласы.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 1 қыркүйегіндегі номерінен оқи аласыз)

